
Жетісу облысында Құрылтай депутаттарын сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына қажетті көлік қызметі күшейтілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметі ұсынылуда. Оларды кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар пайдалана алады. Сайлау күні 33 «Инватакси» көлігі жұмылдырылды. Оның ішінде 27-сі арнайы жабдықталған көлік және 6-уы жеңіл автокөлік.
«Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет.
Кресло-арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін:
+7 (7282) 24 34 63
+7 705 877 81 69 (WhatsApp).
Көру қабілеті бұзылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін:
+8 777 523 19 92;
+7 777 820 37 65 (WhatsApp).
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1278556?lang=ru

Жауап қалдыру