2025 жылғы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (нақтыланған деректер бойынша) 159608552,9 млн.теңгені құрады. ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ға өсті.

Нақты мәнде көлік және жинақтау (19,4%), құрылыс (17,5%), сауда (8,1%), өнеркәсіп (7,7%), ақпарат және байланыс (6,4%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Түркістан облысында (13%), Солтүстік Қазақстан облысында (11,6%) және Астана қаласында (10,2%) байқалды. 2025 жылы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,7%), Астана қаласы (12,3%) және Атырау облысы (10,4%) алды.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 7827,2 мың теңгені немесе 15006,4 АҚШ долларын құрады. Өңірлер бөлінісінде Атырау облысы (23332 мың теңге), Алматы қаласы (15601,1 мың теңге), Ұлытау облысы (13831,8 мың теңге) және Астана қаласы (12370 мың теңге) көш бастап тұр.

Жыл қорытындысы бойынша 2025 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-гі үлесі 15,69%-ды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 1,02 пайыздық тармаққа қысқарды. ЖӨӨ-дегі бақыланбайтын экономика үлесінің барынша қысқаруы Ұлытау (5,78 п.т.), Абай (4,43 п. т.) және Атырау облысында (3,92 п. т.) байқалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1279074?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді