Ақкөл ауданының прокуратурасы Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақкөл ауданының прокуратурасы 2026 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулаларын қолдану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №88-НҚ, №86-НҚ және №85-НҚ нормативтік қаулаларының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды іс жүзінде қолдану мәселелері түсіндірілді.

Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарының маңызына, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Құқықтық ағарту және қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.          

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1279027?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді