Ақтауда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 тамыз 2026 жылы Ақтау қаласы Полиция басқармасында қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, тұрғылықты жерінен жүйелі түрде кетіп қалатын, мінез-құлқында қауіп белгілері байқалатын және құқық бұзушылық жасауға бейім жасөспірімдерге қатысты мәселелер талқыланды. Оларды профилактикалық есепке алу, бақылауды күшейту, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар белгіленді.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – полиция мен мемлекеттік органдардың ортақ міндеті.

Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

https://www.instagram.com/reel/DcX7QQoK3uW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279021?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді