Ақтауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.

Шара аясында үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Музыкалық бағдарлама тұрғындардың қызығушылығын арттырып, сайлау күнінің мазмұнын толықтыра түсті. Дауыс беруге келген қала тұрғындары өнерпаздардың өнерін тамашалап, жағымды көңіл күймен өз таңдауын жасауда.

– Дауыс беруге жанұямызбен келдік. Жәрмеңкемен қатар концерттік бағдарламамар ұсынылып жатыр. Өте ризамыз, — деді қала тұрғыны Гүлзира Әбдіқайымова.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279213?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді