
Ақтау қаласында 23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы күні жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шараға 30-дан астам кәсіпкер қатысып, жәрмеңке қала аумағындағы 5 орында, 11 сайлау учаскесінде өтуде.
– Барша қала тұрғындарын саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін қолдауға шақырамын, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Зухра Бермағанбетова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279175?lang=ru

Жауап қалдыру