
Ақтауда «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» экологиялық акциясы өтті
Ақтауда №34 жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» атты тазалық іс- шарасы өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылын таза әрі жайлы ортада қарсы алуға жағдай жасау, мектеп аумақтарының тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.
Мектеп директоры Рысжан Кемелханованың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік – мектеп аумағын ретке келтіріп қана қоймай, оқушылар мен ұжым мүшелерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
-Мұндай іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын көрсетіп, туған жерге деген жауапкершілік пен жанашырлықты арттыруды көздейміз. Жаңа оқу жылын таза әрі көрікті ортада қарсы алу – баршамызға ортақ міндет, – деді Рысжан Кемелханова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1279069?lang=ru

Жауап қалдыру