Ақтауда ұлттық киім киген өнерпаздар өз таңдауын жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Саяси науқанға өнер иелері де белсенді түрде қатысуда. Бүгін, 23 тамыз күні Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің Есір Айшуақұлы атындағы қазақ оркестрінің домбырашысы Әсет Қамысбаев өз таңдауын жасады.

Өнер иесі әріптестерімен бірге ұлттық киім киіп, сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

– Ұлттық киіммен келіп өз таңдауымызды жасадық. Ел болашағы үшін әрбір дауыс маңызды, – деді Әсет Қамысбаев.

Дауыс беру рәсімінен кейін оркестр мүшелері «Балбырауын» күйін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279215?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді