Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі Арнаулы әлеуметтік қызметтердің  сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау тетігі енгізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығы негізінде лицензия алуға өтінім жіберіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі
1. Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмелерімен және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен расталатын меншік құқығында немесе жалдау шартының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың болуы.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін:
  “Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарында бекітілген cанитариалық қағидаларға сәйкес үй-жайлары бар болуы қажет.
  Ғимарат Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келуі қажет;
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде: кіру топтары, жүріп-тұру жолдары, қызмет көрсету аймақтары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін тұрақ орындары бар қажетті ғимараттардың болуы қажет.
 
3. “Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларына сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (егер қызметтерді алушылардың стационарлық жағдайда тұруы көзделсе немесе жартылай стационарлық жағдайда алушылар объектіде 4 сағаттан артық болса). Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге 
шарттың болуы.
 
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін қызметтердің ұсынылатын тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.
 
5. № 230 бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін штат нормативтерімен көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының болуы.
 
Лицензиялаудың негізгі мақсаты- қызмет көрсету сапасының біріңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады. Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсанда «Шымкент қаласында 2026 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 6755 қаулысымен арнаулы әлеуметтік көрсетлетін қызметтердің тарифтері бекітілген.
«Е-собес» ақпараттық жүйесіне ұйымдардың 4 түрі бойынша тарифтік жіктеу енгізілді: стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету және уақытша болу орталығы.
Шымкент қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жалпы 27 мекеме лицензия алды. Оның ішінде 14- Коммуналдық мемлекеттік мекеме алды, Қазіргі таңда 12 Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін көрсетуде және 13-Үкіметтік емес ұйым лицензия алып өз жұмыстарын жүргізуде.
 
 
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шапиева Мадина Нұрланқызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1279034?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді