Автошеру аяқталса да, профилактика жалғасуда: Өскеменде тұрғындарға алаяқтардан қорғану жолдары ескертілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Автошеру аяқталса да, профилактика жалғасуда: Өскеменде тұрғындарға алаяқтардан қорғану жолдары ескертілді

Облыс орталығында «Лондон – Өскемен» халықаралық автошеруінің мәресі өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды, полиция қызметкерлері осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік туралы еске салды.

Іс-шара барысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға алаяқтардың бүгінгі таңда жиі қолданатын схемалары, оларға алданбау жолдары және күмәнді жағдайларда неге назар аудару керектігі түсіндірілді.

Шараға қатысушылар мен қонақтарға пайдалы кеңестер жазылған жадынамалар таратылды.

Басты ереже қарапайым: бейтаныс адамдарға SMS-кодтар мен банк картасының деректерін айтпаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бөгде адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.

Әрбір сапарыңыз сәтті мәремен аяқталып, интернет алаяқтарға өз «ойынын» бастауға мүмкіндік бермейік.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1279254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді