Байтурсынов атындағы саябақта сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байтурсынов атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында нәтижелі сенбілік өтті.

Аудан тұрғындары, жастар, волонтерлер және коммуналдық қызмет мамандары бірлесе отырып, саябақ аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Бірлескен күш-жігердің арқасында қоршаған ортаның тазалығы мен ауданның көркін жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстар атқарылды.

Сенбіліктің қорытындысы

  • 👥 250-ден астам тұрғын сенбілікке қатысты;
  • 🚛 15 арнайы техника жұмылдырылды;
  • 🗑 50 м³ қоқыс шығарылды.

Экологиялық бастамаға бейжай қарамай, сенбілікке атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар тазалық пен абаттандыруға үлес қосу әрқайсымыздан басталатынын көрсетеді.

Бірге ауданымызды таза, жайлы әрі көрікті етеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1278649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді