Бейнеу ауылында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауылында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

20 тамыз күні қоғамдық орында темекі тұқылын тастап, ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған азамат анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде болған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі!

https://www.instagram.com/reel/DcROacyszm0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1278996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді