Белгородское-Каменка жолында СӨҚ жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Серік Құдабай Белгородское – Каменка автомобиль жолындағы су өткізгіш құрылғыны (СӨҚ) орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – «Тұран Строй» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта арнаны және оған іргелес аумақты тазалау, сондай-ақ су өткізгіш құрылғыны орнату алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жұмыс жүргізілетін аумақта орналасқан «Қазақтелеком» АҚ кабель желісін шығару жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, топырақ төсеу және оны кейіннен тығыздау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда нысанда 5 жұмысшы және 2 бірлік техника – экскаватор мен самосвал жұмылдырылған.
Нысанды тексеру барысында аудан әкімі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1278681?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді