ЕЛІМІЗДІҢ АСТАНАСЫНЫҢ ТӨРІНДЕ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КРЕАТИВ ЖӘРМЕҢКЕСІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының бай тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық қолөнері мен заманауи креативті индустриясының жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында 2026 жылғы 29-30 тамыз күндері Астана қаласында Өңірлік креатив жәрмеңкесі өтеді.
Еліміздің астанасының төрінде ұйымдастырылатын бұл ауқымды іс-шара – Түркістан өңірінің шығармашылық әлеуетін таныстырып қана қоймай, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге, креативті кәсіпкерлікті дамытуға және отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң болмақ.
Жәрмеңке барысында Түркістан облысының қолөнершілері, дизайнерлері, суретшілері, зергерлері, керамика шеберлері, этноөнім өндірушілері, сән индустриясы өкілдері мен креативті кәсіпкерлері өздерінің бірегей жұмыстарын көпшілік назарына ұсынады. Келушілер ұлттық нақыштағы заманауи өнімдермен танысып қана қоймай, олардың жасалу үдерісін тамашалап, шеберлерден тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Іс-шара бағдарламасы аясында:
🔹 ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарының көрмесі;
🔹 креативті индустрия өкілдерінің өнімдер жәрмеңкесі;
🔹 шеберлік сабақтары мен интерактивті алаңдар;
🔹 жасанды интеллект және цифрлық технологиялар тақырыбындағы таныстырылымдар;
🔹 стартаптар мен инновациялық жобалардың көрмесі;
🔹 сән көрсетілімі;
🔹 шығармашылық кездесулер;
🔹 өңір өнерпаздарының және Қазақстан эстрада
жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
Бұл жәрмеңке – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, шығармашылық пен кәсіпкерлікті ұштастыратын, өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін маңызды мәдени оқиға. Сонымен қатар Түркістан облысында өндірілетін бірегей өнімдерді республика тұрғындары мен елорда қонақтарына таныстыруға, жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыруға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Түркістанның шығармашылық әлемін жақыннан танып, ұлттық өнердің жаңашыл келбетін бірге тамашалауға шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2
📅 Күні: 29-30 тамыз
Түркістан – тарих пен дәстүрдің ғана емес, креатив пен жаңашылдықтың да мекені!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1279231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді