Еңбек кітапшасында қате болса: қызметкер еңбек өтілін зейнетақы тағайындау үшін қалай растай алады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетке шығу — әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде артық қиындықтарға тап болмас үшін еңбек өтілін растайтын құжаттарды алдын ала тексеріп алған жөн.

Жылдар бойы атқарылған еңбек — жай ғана еңбек кітапшасындағы жазбалар емес. Әр жазбаның артында адамның бірнеше жылдық, кейде ондаған жылдық еңбегі тұр. Сондықтан жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған күндегі қате, ұйымның атауындағы, лауазымдағы қателік немесе қажетті жазбаның болмауы еңбек өтілін растау кезінде қиындық туғызуы мүмкін. Болашақ зейнеткер еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне қатысты басқа да құжаттарды алдын ала мұқият тексергені дұрыс. Егер қателер немесе дәлсіздіктер анықталса, оларды дер кезінде түзеткен жөн.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек кезеңдеріне ерекше назар аудару қажет, өйткені осы кезең зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде еңбек өтілін айқындауда ескеріледі.

Егер қажетті жазба болмаса немесе оның дұрыстығына күмән туындаса, еңбек қызметінің белгілі бір кезеңін басқа құжаттармен де растауға болады. Жағдайға қарай архивтік анықтамалар, жұмыс берушінің құжаттары және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар рәсімделүі мүмкін.

Ал кәсіпорын енді жұмысын тоқтатса ше?

Кейде мәселе адам сол ұйымда жұмыс істегеннен кейін көп жыл өткен соң анықталады. Ал бұл уақытта кәсіпорын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қажетті мәліметтерді архив арқылы іздеуге тура келеді.

Сондықтан құжаттарды тек зейнетке шығатын кезде ғана тексеруді кейінге қалдырмаған жөн. Қате немесе қажетті жазбаның жоқтығы неғұрлым ерте анықталса, қажетті құжаттарды іздеуге және еңбек өтілін растауға соғұрлым көп уақыт болады.

Еңбек кітапшасын алдын ала тексеру — қателерді дер кезінде түзетуге, жетіспейтін құжаттарды іздеуге және еңбек қызметінің қажетті кезеңдерін растауға мүмкіндік береді.

Еңбек өтілі — адамның көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Сондықтан әрбір еңбек еткен жылы құжат жүзінде расталып, құжаттағы қателік немесе қажетті анықтаманың болмауы салдарынан «жоғалып кетпеуі» маңызды.

Зейнетақыға дайындық өтініш беретін күннен емес, өз құжаттарын алдын ала тексеруден және еңбек өтілін растаудан басталады.

 

 

№ 2 зейнетақы және әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің басшысы

Г.Чуйкеева

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1279136?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді