
2026 жылғы 21 тамызда Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының аудандық секциялық отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«2026–2027 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік-нұсқаулық хат.
Айкубаева Э.У., №6 ОМ.
«Конституциялық құндылықтар – заманауи оқушы тәрбиесінің негізі».
Орманбаева Н.П., №7 ОМ.
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект: идеядан практикаға дейін».
Курмаева Г.М., Ш. Уәлиханов атындағы ОМ.
2026–2027 оқу жылына арналған Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарын бекіту.
Мұғалімдер 2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хаттың негізгі ережелерімен таныстырылды. Жаңа Конституция құндылықтарын білім беру процесінде қалай жүзеге асыруға және оларды нақты сабақ мазмұнының бір бөлігіне айналдыруға болатыны талқыланды. Сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектіні жұмыс парақтары, интерактивті тапсырмалар және әдеби кейіпкермен диалог құру арқылы қолдану жолдары көрсетілді.
Отырыс спикерлеріне аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278894?lang=kk

Жауап қалдыру