ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: ЖАҢА АЛАҢШАЛАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында нысандар салынып , ел игілігіне берілуде. Тұран ауданы аумағында балалар және спорт алаңшаларын салу, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінде аудан аумағында бірқатар заманауи әрі кешенді балалар және спорт алаңшалары халық игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысандар тұрғындардың, әсіресе, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасып, жоспарға сәйкес жаңа алаңшаларды пайдалануға беру көзделуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1279205?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді