Халықаралық сарапшы Құрылтай сайлауы туралы: қатысу деңгейі өте жоғары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Армян тұрақтылық және мемлекеттік басқару институтының басшысы Геворг Меликян Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Қазақстандағы сайлау процесіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Осы сайлаудың «Жаңару үшін дауыс бер» деген ұранына назар аударғым келеді. Яғни, бұл – реформаларға, өсуге, жаңғыртуға дауыс беру дегенді білдіреді. Мұны әртүрлі түсіндіруге болады. Алайда бұл ұран сайлаудың мәнін жақсы сипаттайды. Саяси сайлау арқылы Қазақстан өзін мемлекеттік және институционалдық деңгейде басқарудың жетілдірілген әрі тиімді тетіктерін ұсынатын ел ретінде қайта танытуға ұмтылып отыр. Әрине, біз осы бағытта тек табыс тілейміз», – деді спикер.

Геворг Меликянның айтуынша, сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ашық өтті.

«Мұндай сайлауға немесе референдумдарға алғаш рет қатысып отырған жоқпын. Әр жолы адамдардың бұған оң әсер алғанын көремін. Бұл – эмоциялық жағы. Ал техникалық тұрғыдан алғанда, сайлаушылардың қатысу деңгейі өте жоғары болды деп айта аламыз», – деді сарапшы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1279246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді