
Кәмелетке толмағандар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу!
Кәмелетке толмағандар арасында есірткінің қолданылуы мен таралуына жол бермеу және оның алдын алу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында Қапал ауылдық округі аумағында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Округ аумағында орналасқан дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында кәсіпкерлік нысандардың басшылары мен қызметкерлеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер барысында есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды зиянды әдеттерден қорғау және есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тұрғындарға арналған орындарда есірткінің зияны мен оның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру материалдары орналастырылды.
Өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Балалар мен жасөспірімдерді есірткінің кері әсерінен қорғау үшін отбасы, қоғам және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1278690?lang=ru

Жауап қалдыру