
Кентау қаласы Ынтымақ алаңында Спорт күніне арналған мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара барысында спорттың адам денсаулығы мен қоғамдағы маңызы айтылып, Кентау спортшыларының жетістіктері насихатталды.
Қала әкімі Жандос Тасов және қалалық маслихат депутаты Ерлан Арынов спортшылар мен жаттықтырушыларды мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс пен жаңа жеңістер тіледі.
Спорт саласына үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын барысында спорттық қойылымдар мен концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Спорт күні — салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1278831?lang=ru

Жауап қалдыру