
Кентау қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу жүйелерінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала аумағындағы ішкі орамдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда.
Алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында №5 жылу энерго орталығынан қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қоса алғанда, 2 295 жеке сектордағы тұрғын үйге, 347 көпқабатты тұрғын үйге, 441 коммерциялық нысанға, білім беру саласының 7 мекемесіне, мәдениет саласының 16 мекемесіне, дене шынықтыру және спорт саласының 6 мекемесіне, жұмыспен қамту саласының 1 мекемесіне, денсаулық сақтау саласының 4 мекемесіне жылу энергиясын жеткізу жоспарлануда.
Жылу маусымына дайындық барысында жылу өндіру және тарату жүйелерінің техникалық жағдайы пысықталып, анықталған кемшіліктерді жою, желілерді жаңарту және қажетті техникалық шараларды орындау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыстардың барлығы қыс мезгілінде жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жылыту маусымында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1278836?lang=ru

Жауап қалдыру