КӨҢІЛ БІЛДІРЕМІЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық мәслихаты мен қала әкімдігі Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосқан, білікті мемлекеттік қызметші, қоғам қайраткері Аманғали Шамшадинұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Аманғали Шамшадинұлы еңбек жолын 1968 жылы Сам-1 елді мекенінде техник-радиооператор болып бастап, кейін теміржол саласында, партия және мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды. 1993 жылдан бастап Маңғыстау облысының сыртқы экономикалық байланыстар, экономика, өнеркәсіп және сауда салаларында, 2005–2011 жылдары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметінде абыройлы еңбек етті. 2011–2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімін басқарды.

Елге сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, «Маңғыстау облысына 30, 35, 40 жыл», «Ақтау қаласына 50, 55 жыл» мерекелік медальдарымен және басқа да көптеген марапаттармен наградталған. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған.

Аманғали Шамшадинұлының ел дамуына қосқан еңбегі, азаматтық болмысы мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып, халық жадында сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Артында қалған отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазаларыңызға ортақтасып, сіздерге сабыр мен күш-қуат тілейміз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279219?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді