
Бүгін Комитетте санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі екі маманы – Розалина Асқарқызы Ермекпаева мен Нұрбек Садықбекұлы Нышановты құрметті демалысқа шығарып салуға арналған іс-шара өтті.
Ұжым ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Розалина Асқарқызы Ермекпаева денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіне 38 жылдан астам уақытын арнады. Кәсіби қызмет жолында Қарағанды мемлекеттік медициналық институты кафедрасының ассистентінен бастап, Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегі басшылық және сарапшылық лауазымдарға дейін көтерілді. Соңғы жылдары Комитеттің бас сарапшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен және төсбелгілермен марапатталған.
Нұрбек Садықбекұлы Нышанов санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 40 жылдан астам еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1984 жылы Ленгер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігердің көмекшісі болып бастады. Эпидемиолог дәрігер, аса қауіпті инфекциялық аурулар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментін басқарды.
Комитет пен СЭБК аумақтық бөлімшелерінің әріптестері Розалина Асқарқызы мен Нұрбек Садықбекұлына көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметке деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, амандық-саулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1279005?lang=ru

Жауап қалдыру