Маңғыстаулық жас жол инспекторлары республикалық слетте үздік бестікке енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Боранқұл орта мектебінің жас жол инспекторлары ЖЖИ-дің XXI республикалық және мемлекетаралық слетінде жоғары нәтиже көрсетіп, үздік 5 команданың қатарынан көрінді.

Бұл жетістік – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен жауапкершілігінің, ұстаздардың сапалы дайындығы және командалық бірліктің нәтижесі.

Жас инспекторлар слет барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бағытындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, өздерінің дайындығы мен ұйымшылдығын дәлелдеді.

Маңғыстаулық жас жол инспекторларын айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, өңіріміздің мерейін асқақтата берулеріне тілектеспіз!

Жас ұрпақтың жол қауіпсіздігіне қосқан үлесі – қауіпсіз болашақтың кепілі!

https://www.instagram.com/p/DcXwxdzDCET/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді