
Ағымдағы жылдың 21 – тамыз күні “№5 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПТИАЛДЫ ДАМЫТУ- БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» тақырыбында аудандық математика пәні мұғалімдерінің отырысы өтті. Отырыс барасында Аягөз аудандық білім бөлімінің ғылыми – әдістемелік кабинетінің математика пәні мұғалімдерінің әдіскері К. Тусипова «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында баяндамасын оқып, 2026 – 2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта енгізіліген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Сонымен қатар , “Математика сабағында сыни ойлау: есеп шығарудан математикалық зерттеуге дейін” тақырыбында “”№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі”” КММ- сінің математика пәні мұғалімі Солтанханова Балнұр Қайратқызы, «Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбында «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- сінің математика пәні мұғалімі Буршакбаева Самал Нугмановна және “№3жалпы орта білім беретін мектебі” КММ – сінің математика пәні мұғалімі Биикова Маржан Токтагановна «AI-ды информатика сабағында тиімді пайдалану: мұғалімге арналған 10 практикалық тәсіл» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Отырыс соңында пән мұғалімдері өзара пікір алмасып, жаңа оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады. Еңбегімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріліп, алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен әдістемелік бағыттар бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278840?lang=kk

Жауап қалдыру