НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ШАХАН КЕНТІНДЕ СУ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Энергоуголь» ӨБ хабарлайды: 24 тамызға жоспарланған су өшіру жұмыстары 25 тамызға ауыстырылды.

25 тамыз күні сағат 09:00-ден 24:00-ге дейін Шаханның сорғы станциясында диаметрі 150 мм №13 ысырмалы арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыстарды жүргізу кезінде Шахан кентіндегі тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылады.

Тұрғындардан алдын ала бір тәулікке жететін су қорын дайындап алуын сұраймыз.

Сумен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін судың уақытша лайлануы мүмкін.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1279141?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді