
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байқадаммен бірге «Құзыреттілік орталығында» өткен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Жыл сайын әр аймақтан өнегелі отбасылар байқауға белсене қатысып, құрметке ие болып келеді. Биыл қала, аудандардан 220 отбасы қатысып, 16 отбасы үздік деп танылды. Осындай үлгілі әулеттер ұрпақ сабақтастығын сақтап, құндылықтарды насихаттауға негіз қалайды.
Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы: «Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады», – деп атап өтті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен номинация иелері сыйлықтар және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Отбасы құндылығын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру бағытында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» жүйелі жұмыс жүргізеді. Аудандардағы «Руханият орталықтары» жас отбасыларға қолдау көрсетіп, маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1279098?lang=ru

Жауап қалдыру