
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Салауатты өмір сақшылары» қозғалысының жетекшісі Нұрқанат Алдаберген ұйымдастырған Street Workout жаттығуларымен танысып, жастармен кездесті.
«Салауатты өмір сақшылары» Қызылорда қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын және бұқаралық спортты (Street Workout) дамытатын белсенді жастар қозғалысы.
«Салауатты өмір сақшылары» тарапынан жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында әр аптаның бейсенбі және сенбі күндері, сағат 19:30-да Орталық алаң жанындағы Арбатта Street Workout жаттығулары, түрлі спорттық турнирлер ұйымдастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1279087?lang=ru

Жауап қалдыру