
Кәсіпорын қызметкерлері өрт кезіндегі әрекеттерді, эвакуация тәртібін және өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану дағдыларын шыңдады.
Отрар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «Түркістан мақта-агроөнеркәсіп кешені» ЖШҚ қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық жаттығулар өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерге төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс және жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.
Практикалық жаттығулар барысында қатысушыларға өрттердің алдын алу шаралары, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі және эвакуация жасау жолдары түсіндірілді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалануға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Практикалық жаттығулар қызметкерлерге алған білімдерін бекітуге және өрт туындаған жағдайда әрекет етуге дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көтеруге, өрттердің алдын алуға және кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Өрт қауіпсіздігі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1278841?lang=ru

Жауап қалдыру