Қазақстанда электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік аймақтың электр желілері күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ-мен бірлесіп, ұлттық электр желісін күшейту бойынша маңызды жобаларды іске асыруда. Электр энергиясын тұтынудың өсуі және генерация қуаттарының дамуы желілік инфрақұрылымның өткізу қабілеті мен сенімділігіне қойылатын талаптарды арттыруда.

Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерінің жұмыс режимдеріне байланысты штаттан тыс жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендету Оңтүстік аймақтың электр желілерін күшейтуді талап етеді. Осы мақсатта қазіргі уақытта 500 кВ «Шу – Жамбыл» және «Жамбыл – Шымкент» электр беру желілері салынуда. Олар іске қосылғаннан кейін «Солтүстік – Оңтүстік» транзитінің «Алматы – Жамбыл» қимасындағы өткізу қабілеті 440 МВт-қа артады. Қосымша желілік қуаттар жаңа генерация көздерін желіге қосуға, жүктемені икемді түрде бөлуге және желілік шектеулердің әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау 2027 жылдың ортасына жоспарланған.

Сонымен қатар Батыс Қазақстанның энергия жүйесін елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің негізгі бөлігімен біріктіру жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 500 кВ «Өлке – Қарабатан» электр беру желісі салынуда. Жоба Батыс аймақтың елдің қалған энергия жүйесімен байланысын нығайтып, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы электр станцияларының қуатын берудің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ Батыс өңірдің маневрлік генерациясын басқа аймақтардағы энергия теңгерімсіздігін өтеу үшін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау да 2027 жылға жоспарланған.

Жалпы, іске асырылып жатқан жобалар жоғары кернеулі электр беру желілері арқылы энергия жүйесін сақиналы схемамен қамтуды аяқтауға және Ұлттық электр желісінің нысаналы топологиясын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1278961?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді