
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәртібін нығайту мақсатында 2026 жылғы 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында барлығы 33 қылмыс тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде олардың 28-і кезекші тәулік ішінде ашылды.
ЖПІШ барысында іздеуде жүрген 29 қылмыскер ұсталды.
Сонымен қатар тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе таратқаны үшін 12 адам ұсталды. Оның ішінде есірткі құралдарын заңсыз сақтауға қатысты 6 дерек анықталды.
Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында профилактикалық есепте тұрған 41 есептегі тұлға тексерілді.
Іс-шара барысында барлығы 864 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетел азаматтарына қатысты тиісті шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасының аумағынан 34 шетел азаматы мәжбүрлеп шығарылды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстардың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді.
Көліктегі полиция департаменті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1279263?lang=ru

Жауап қалдыру