«САРАЙШЫҚ» АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сарайшық» ауданында А. Бөлекпаев көшесі, 9/1 мекенжайында жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа кеңістік тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына және аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қоғамдық кеңістікті абаттандыру аясында 900 шаршы метр аумаққа тас төсемі төселіп, 3 көлеңкелі демалыс орны орнатылды. Сонымен қатар футбол алаңы мен воркаут аймағы жабдықталып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылды.

Аумақта жарықтандыру жүйесі де орнатылды. Мұнда 15 саябақтық және 4 көшелік жарықтандыру тірегі қойылды.

Кеңістікті көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша барлығы 200 ағаш отырғызу жоспарланған, қазіргі уақытта 60 ағаш отырғызылды.
Қоғамдық кеңістіктің ашылуына орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оның аясында «Сарайшық» ауданының 13–15 жас аралығындағы балалар футбол командалары арасында турнир өтті.

Сондай-ақ, тұрғындар мен балалар үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, аниматорлар қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға назар аударылады. Ол «Астана — есірткісіз қала!» ұранымен өтті.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуы — тұрғындарға жайлы демалыс орнын қалыптастыруға, балалар мен жастарға арналған спорттық инфрақұрылымды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан тұрғындарының басын біріктіретін орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saraishyk/press/news/details/1279126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді