
Бүгін елімізде маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Мәслихат төрағасы Семей қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінде орналасқан №90 сайлау учаскесіне барып, азаматтық міндетін орындап, дауыс берді.
Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруінің маңызды көрінісі.
Әрбір дауыс – ел дамуына қосылған үлес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1278708?lang=ru

Жауап қалдыру