
ҚР Салық кодексінің 207-бабына сәйкес, шот-фактураны:
ҚҚС төлеушілері;
ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын салық төлеушілер – Кодекстің 208 және 209-баптарында көзделген жағдайларда жазып беруге міндетті.
ҚҚС төлемейтін, шот-фактура жазып беруге міндетті тұлғалар:
Комиссионер – 495-бапта белгіленген жағдайларда.
Экспедитор – 494-бапта белгіленген жағдайларда.
Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығарған кезде.
Салық төлеуші – жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша.
Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген заңды тұлға.
Кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден қоймасының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші.
Халықаралық шарттарды іске асыруға байланысты көзделген жағдайлардағы салық төлеуші.
Импортталған тауарларды өткізетін салық төлеуші.
«Виртуалды қойма» модулінде есепке алынған тауарларды өткізетін салық төлеуші.
Медициналық қызметтерді және тиісті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізетін салық төлеуші.
Адвокаттық кеңсе – заң көмегін көрсету бойынша.
МАҢЫЗДЫ
Салық кодексінің 208-бабында шот-фактура жазып беру талап етілмейтін жекелеген жағдайлар да көзделген.
Негізі: ҚР Салық кодексінің 207–209-баптары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1278782?lang=ru

Жауап қалдыру