Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖ мекемелерінде «Абай мен Бауыржан Момышұлына» арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және облыс әкімдігімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында №48 және №51 мекемелерде қазақ халқының ұлы тұлғалары – Абай Құнанбайұлы мен Бауыржан Момышұлына арналған театрландырылған қойылымдар өткізілді.

Іс-шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік және мәдени тәрбиесін арттыруға, заңға және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ жасаған әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін түсінуге бағытталды.

Іс-шараларға 700-ден астам сотталған қатысты.

Қойылымдарда Абай Құнанбайұлы мен Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен мұрасына, олардың ар-намыс, жауапкершілік, еңбек, білім, тәртіп және қоғамға қызмет ету жөніндегі көзқарастарына ерекше назар аударылды.

Мемлекет әрбір сотталған адамның түзелу жолына түсуі, білім және кәсіп алуы, әлеуметтік пайдалы дағдыларды меңгеруі және босатылғаннан кейін қоғамға заңға бағынатын азамат ретінде оралуы үшін қажетті жағдайлар жасауда.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1279207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді