
21 тамызы Бiрлiк ауылдық округі әкiмi аппаратының мамандары тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру және заңнамалық нормаларды түсiндiру бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Кездесу барысында азаматтарға жемқорлық фактiлерi тап болған жағдайда қайда жүгiну керектiгi, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң 1424 бiрыңғай колл-орталығына хабарласу және жазбаша өтініштерді тіркеу тәртiбi түсiндiрiлдi. Сонымен қатар, тұрғындарға жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлаған тұлғаларды мемлекеттiк қорғау шаралары, құпиялылық кепiлдiгi және негiзделген ақпарат бергенi үшiн қарастырылған қаржылай сыйақы жүйесi туралы егжей-тегжейлi айтылып, арнайы жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1278788?lang=ru

Жауап қалдыру