Талдықорғанда қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың төрағалығымен қоғамдық көлікте жолақы төлеуді бақылауды күшейту мәселесі бойынша жиын өтті.

Жиынға қалалық полиция басқармасы мен білім бөлімінің өкілдері, сондай-ақ тасымалдаушы ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесуде қоғамдық көлікте жолақы төлемеу фактілерінің алдын алу, бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастыру және жауапты органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.

Талдықорғанда электрондық билеттеу жүйесі бес жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Алайда соңғы жылдары жолақы төлемейтін жолаушылар санының артуы байқалады. Бұл жолаушылар ағынын нақты есепке алуға және тасымалдаушылардың кірістерін объективті бағалауға кері әсер етуде.

Осыған байланысты 14 адамнан тұратын бақылау қызметі 1 қыркүйектен бастап жұмысын бастайды.
1–14 қыркүйек аралығында жолақы төлемеген жолаушыларға, оның ішінде оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалады.

15 қыркүйектен бастап жолақы төлемеген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал кәмелетке толмаған оқушылар жолақы төлемеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен олардың ата-аналары немесе заңды өкілдеріне айыппұл салынады.

Бақылау жұмыстары полиция органдарымен бірлесіп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1279197?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді