
«Таза Қазақстан» акциясы аясында архив қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға архив саласының қызметкерлері де белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер аумақты қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға шығарды, сондай-ақ айналаны абаттандыру және көркейту жұмыстарына атсалысты.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу.
Архив қызметкерлері мұндай қоғамдық бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тазалықты сақтау – тек акция аясындағы жұмыс емес, әр азаматтың күнделікті міндеті екенін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және туған қаланың абаттандырылуына өз үлесін қосуға үндейді.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Қаламыздың көркеюі мен қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1278722?lang=ru

Жауап қалдыру