«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жазғы демалыс кезеңінде Қостанай облысының оқушылары 2025 жылдың жазында басталған «Менің үйім — менің аулам» акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жазғы демалыс кезеңінде Қостанай облысының оқушылары 2025 жылдың жазында басталған «Менің үйім — менің аулам» акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда.

          Өңірдің жас тұрғындары ата-аналарымен бірге аулаларды абаттандыруға өз үлестерін қосуда: қоршауларды сырлап, гүлдер отырғызып, оларға күтім жасауда, түрлі сәндік композициялар жасап, сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің жарқын мүсіндерін орнатуда.

          Бүгінде акцияға 3 587 оқушы қатысып, 1 289 аула абаттандырылды.

Балалар мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің арқасында аулалар көркейіп, демалыс пен қарым-қатынас жасауға қолайлы орындарға айналуда. Ал осындай игі бастамалар көршілерді біріктіріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейді және қамқорлық пен өзара көмек атмосферасын қалыптастырады.

          «Менің үйім — менің аулам» — бұл жай ғана абаттандыру емес, әр адамның айналасын жайлы әрі көрікті етуге қосқан үлесі!

 

#ТазаҚазақстан  #МойДомМойДвор

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1278692?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді