
Маңызды: Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өнім беруші ТСР-ды Порталда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес ұсынуға міндетті. Тауардың сапасыздығы немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, алушының құқықтарын қорғаудың тиісті тетіктері қарастырылған.
ТСР алдыңыз, бірақ тауар сапасыз болып шықты ма? Өз құқықтарыңызды біліңіз!
Техникалық оңалту құралдары мүгедектігі бар адамдардың дербестігі мен қозғалыс мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Сондықтан ТСР-ды дұрыс таңдап қана қоймай, алынған тауар ақаулы, жарамсыз немесе тапсырысқа сәйкес келмеген жағдайда не істеу керектігін білу маңызды.
Егер ТСР-ды алған кезде оның сіздің тапсырысыңызға сәйкес келмейтінін, мысалы, моделі, жиынтықталуы немесе сипаттамалары өзгеше екенін анықтасаңыз, оны қабылдаудан бас тартуға құқығыңыз бар.
Егер ақау тауарды алғаннан және пайдаланғаннан кейін анықталса, мәселені тіркеп, өнім берушіге жүгіну және ақауды жоюды, тауарды ауыстыруды немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес мәселені шешуді талап ету қажет.
ТСР алушы не істеуі керек?
1.Ақауды тіркеңіз
Ақаудың фото және бейнежазбасын жасаңыз. ТСР-ды алғаныңызды растайтын құжаттарды, тапсырыс туралы мәліметтерді және өнім берушімен жүргізілген хат-хабарларды сақтаңыз.
2.Өнім берушіге жүгініңіз
Мәселені нақты сипаттап, өз талаптарыңызды білдіріңіз. Өтінішті жазбаша түрде берген дұрыс, бұл сіздің жүгінгеніңізді растайтын дәлел болады.
3.Сапаны тексеру қажет болған жағдайда – оған қатысыңыз
Тұтынушы тауардың сапасын тексеруге және сараптама жүргізуге өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға құқылы.
4.Өнім беруші мәселені шешпесе
Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жүгінуге, сондай-ақ заңнамада көзделген сотқа дейінгі және сот арқылы реттеу тетіктерін пайдалануға болады.
Есте сақтаңыз!
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын ТСР белгіленген талаптарға және өнім берушінің Порталда орналастырған ақпаратына сәйкес болуы тиіс.
Алушының тапсырысқа және белгіленген сипаттамаларға сәйкес келетін сапалы ТСР алуға құқығы бар.
Егер өнім беруші Портал арқылы сапасыз немесе мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарды ұсынса, заңнамада өнім берушінің жауапкершілігі көзделген.
Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты мәселелер бойынша әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері жөніндегі 1411 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Егер ТСР сапасыз болып шықса, үнсіз қалмаңыз! Өз құқықтарыңызды білу – қажетті оңалту құралын алудың және толыққанды, дербес өмір сүруге мүмкіндік берудің маңызды қадамы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1279229?lang=ru

Жауап қалдыру