Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы 2026 жылғы 28 тамыз күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

   Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы.

 

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

 

  1. Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы
    №38/174-VIII «Түркістан қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. «Түркістан қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;

 

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде қалалық мәслихат парақшасында көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1279268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді