
Ауылымыздың көркіне көрік қосып, өзгелерге үлгі болып жүрген үлгілі шаңырақтар аз емес. Солардың ішінде «Үздік аула» номинациясы бойынша Обаған ауылының тұрғыны Нұржанова Күлшат Қабдрешқызының ауласы дараланып, үздік деп танылды!
Күлшат Қабдрешқызының ауласы – тазалық пен ұқыптылықтың, еңбекқорлық пен талғампаздықтың айқын үлгісі. Есігінің алды гүлге оранып, әрбір бұрышы ерекше ықыласпен күтіп-бапталған. Ауылдың ажарын ашып, айналасына сұлулық сыйлап отырған осындай тұрғындарымыз көп болсын!
Күлшат Қабдрешқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбегіңізге береке тілейміз!
—

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1279013?lang=ru

Жауап қалдыру