Зайсанда ақша бопсалау фактісінің жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зайсанда ақша бопсалау фактісінің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау фактісін әшкереледі.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге беріп тұруды талап еткен. Бұл ретте ол қоқан-лоқы көрсетіп, психологиялық қысым жасаған.

Өз өмірі мен денсаулығына алаңдаған ер адам қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңға қайшы әрекеттер мұнымен тоқтамаған. Біраз уақыттан кейін күдікті қайтадан ақша талап еткен.

Жедел іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қорқытып ақша талап ету, оның ішінде күш қолдану қаупін төндіру арқылы жасалған әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Егер сіз осындай құқыққа қайшы әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1279251?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді