«Заң мен тәртіп — жол қауіпсіздігі үшін бірге!» 🚔🚑🚘

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп — жол қауіпсіздігі үшін бірге!» 🚔🚑🚘

Полиция қызметкерлері медицина мамандарымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүргізушілер арасында профилактикалық акция өткізді.
Полиция қызметкерлері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілердің денсаулық жағдайын сұрап, көлік құралдарын көзбен шолып тексерді және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
Медицина мамандары жүргізушілердің қан қысымы мен тамыр соғысын өлшеп, өздерін қалай сезініп тұрғанын сұрап, қажетті кеңестер берді.
Әсіресе алыс жолға шығуға дайындалып жатқан және ұзақ сапардан оралған жүргізушілерге ерекше назар аударылды. Себебі рөлде жақсы көңіл-күй, денсаулық жағдайы және мұқият болу — жол қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі.
Акция соңында жүргізушілерге «Заң ментәртіп» символикасы бейнеленген автокөлікке арналған хош иістендіргіштер табысталды. Бұл — шағын әрі пайдалы сыйлық қана емес, жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын еске салатын белгі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1278986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді