«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 21 тамыз күні Аягөз ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Секциялық отырыс Аягөз қаласының «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді.

        Секция «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.

Жиын барысында 2026–2027 оқу жылындағы білім беру үдерісінің басым бағыттары, пәнді оқыту сапасын арттыру, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері талқыланды.

🔹 Б.М. Жақсыбаева, аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері – жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бағыттарын таныстырды.

🔹 Ұ.М. Мирасхат – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық ресурстар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибесімен бөлісті.

🔹 Г.О. Аманбаева – қазақ әдебиеті сабағында «Адал азамат» моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынды.

🔹 Н.Ж. Алышанбаева, Азез Сайра – қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіру бағыттары бойынша баяндама жасады.

🔹 Н.Р. Нұрғалиева, А.М. Қалиасова – білім сапасын арттырудағы бағалау, саралау, кері байланыс және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау мәселелерін ортаға салды.

Сонымен қатар Б.М. Жақсыбаева, Д.Ю. Тухтиева және Р.Б. Қайсабекова 2026–2027 оқу жылында пән мұғалімдерінің кәсіби дамуы, озық педагогикалық тәжірибені тарату, оқушыларды олимпиада, ғылыми жоба және түрлі байқауларға дайындау, сондай-ақ аудандық әдістемелік бірлестіктің алдағы жұмыс жоспары жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Отырыс жаңа оқу жылына жаңа міндеттер мен тың идеяларды айқындаған, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды әдістемелік алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді