ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН БОЙ КӨТЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік салада 30 жылға жуық еңбек етіп келе жатырған жеке кәсіпкер Балзия Унаева сауда дүкенін кеңейтіп, өзінің жаңа ғимаратын ашты. Кәсіп иесінің қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нұрлыбек Даумов арнайы қатысып, – Бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті қолдау бағытында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асып келеді. Соның арқасында көптеген кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне жұмыс жасауда. Солардың қатарына Сіз ашқалы отырған сауда орны да қосылмақ. Сайқын ауылы – ауданымыздың орталығы, барлық құрылымның тоғысқан мекені десек, ашылған жаңа нысан ауданға келетін қонақтар мен жергілікті тұтынушылардың игілігіне қызмет етіп, саланың дамуына тың серпін беретіні сөзсіз, – деген ыстық лебізін жеткізді.

Әжелер шашу шашып, келген қонақтарға ақ ұсынып, шараға қатысушылар «Кәсібің алға баса берсін!» деген тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1279291?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді