«ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2026 жылғы 21 тамызда Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл М. Кәрім Атырау облысының Caspian news телеарнасындағы “Таразы” теле бағдарламасына «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?» тақырыбында тікелей эфирге сұқбат берді. 

    Тікелей эфир қонақтары, спикерлер: Зарина Мақсотқызы Әбдірахманова, Атырау қалалық Білім беру бөлімі басшысының м.а., Аниса Имашқызы Оңғаралиева, №3 мектеп-гимназия директоры, Злиха Қадырбайқызы Дүйсекенова, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз.

    Білім беру саласындағы білім сапасы, әдеп қағидаттарын сақтау, педагог мәртебесі мен педагогтардың әдеп нормалары, оқушылар үшін қауіпсіздік пен жайлы ортаны қамтамасыз ету, жаңадан пайдалануға берілетін білім беру ұйымдары, 3 ауысымды мектептерді жою, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымының толық дайындығын қамтамасыз ету, мектептерді қажетті ресурстармен уақытылы жабдықтау мәселелері қозғалды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1278912?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді