Жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында полиция және төтенше жағдайлар департаменттері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы тас жолында жүргізушілерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Акция барысында жүргізушілерге жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінің пайдалануындағы жарамдылық мерзімі өткен және аяқталуға жақын өрт сөндіру құралдары және медициналық қобдишалардың орнына жаңалары табысталды.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1278846?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді