
⚠️ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ
📅 2026 жылғы 8 тамызда Шу ауданы, Бельбасар ауылы, 131-пикет аумағында орналасқан республикалық маңызы бар «Мерке–Бурылбайтал» автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау нысанында жазатайым оқиға орын алды.
🏗️ Аталған нысанда жұмыстарды «Синьсин» Қытай құрылыс және даму компаниясы» ЖШС-нің Қазақстан Республикасындағы филиалы жүзеге асыруда.
🔎 Осыған байланысты жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау мақсатында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
📋 Тергеп-тексеру барысында оқиғаға қатысты құжаттар зерделеніп, куәгерлерден түсініктемелер алынды және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы қаралды.
👷 Сонымен қатар, қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі, тиісті нұсқамалардан өтуі және жұмыс беруші тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары зерделенді.
🦺 Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаның себептері айқындалып, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылданады.
✅ Еңбек қауіпсіздігі – әр жұмысшының өмірі мен денсаулығының кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1279486?lang=ru

Жауап қалдыру