“Адасып кеткенсің ғой, жылама”: полицейлер адасқан баланы әкесіне жедел жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
21 тамыз күні сағат 16:45 шамасында күндізгі кезекшілік қызметін атқарып жүрген Махамбет аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының аға инспекторлары полиция капитаны Расул Амануллин және полиция капитаны Болатбек Есенжанов Атырау–Индер тас жолының 70-шақырымында велосипедпен жол бойында жүрген 8 жастағы баланы байқап, қасына тоқтаған.
👮‍♂️ Полицейлер баламен сөйлесу барысында оның әкесінен адасып қалғанын анықтаған. Бала әкесінің байланыс нөмірін айтып берген. Полиция қызметкерлері дереу көрсетілген нөмірге хабарласып, бес минут ішінде баланың әкесін тауып, баланы аман-есен тапсырды.
🤝 Өз кезегінде баланың әкесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, баласының қауіпсіздігіне бейжай қарамағаны үшін алғысын білдірді.
🛡️ Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бала жол бойында ұзақ уақыт қараусыз қалмай, жақындарына аман-есен табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1279814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді